ҚР ИИДМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ "АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы И.Е.Оспанов "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары А.М. Меңдібаевтың, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т.Орынбасаровтың, "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығының қатысуымен кездесу өткізілді, АЭА аумағы және АЭА қатысушыларының об'ектілеріне шығып таныстыру өткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша арнайы экономикалық аймақты одан әрі дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар айқындалды, АЭА басқарушы компаниясының басшылығына тапсырмалар берілді.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі

 

Желілерде бөлісу:

  • 170